🎨 «Менің таңдауым — бейбітшілік» 🕊️
Мектебімізде зорлық-зомбылық пен экстремизмді қабылдамау, бейбітшілік пен татулық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Менің таңдауым — бейбітшілік» атты шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды.
6-сынып білім алушылары өз суреттері арқылы бейбіт өмірге деген көзқарастарын білдіріп, достықты, мейірімділікті, бірлік пен татулықты бейнеледі. ❤️🌍
Балалардың белсенділігін қолдап, шығармашылық шабыттарын арттыру мақсатында білім алушыларға сынып жетекшісі Абдина А. Е. сыйлықтар табыстады. 🎁✨
#МеніңТаңдауымБейбітшілік#ШығармашылықКөрме #






