Сенім мектебін бірге құрамыз: «Адал оқушы кодексін» жасаймыз!
Бүгін 5–9 сынып оқушылары ерекше әрі маңызды форматқа — интерактивті практикум мен нағыз ми шабуылына қатысты! Оқулықтағы дайын ережелерді жаттай салудың орнына, балалар «Адал оқушы кодексін» өздері әзірледі.
Сабақ барысында нақты жағдаяттар талқыланды: үй жұмысын чаттан көшіріп алу керек пе, бақылау жұмысында досқа көмектесемін деп қалай қателеспеуге болады және қулық пен өзін-өзі алдау арасындағы шекара қай жерде екені сөз болды.
Оқушылардың қорытынды плакатқа топтастырған барлық ұсыныстарын біз жинақтап, жүйелеп... жасанды интеллектке ұсындық!
Жасанды интеллект балалардың шынайы ойларын жинақы, қысқа әрі түсінікті жадынамаларға айналдыруға көмектесті.
Енді бұл жадынамалар бүкіл мектеп бойынша таратуға дайын! Олар өз білімін және адал жетістікті бағалайтын әрбір оқушы үшін сенімді бағдарға айналады.
Абдулахан Э.






