«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын
жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара
ынтымақтастығын нығайту мақсатында 5-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста 4-тоқсан және оқу жылының қорытындысы, білім алушылардың тәртібі мен жетістіктері, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері және аралық емтиханның өткізілу тәртібі туралы ақпарат беріліп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#ата_аналарды_педагогикалық_қолдау






