Мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне байланысты ата-аналардың жауапкершілігі түсіндірілді. Ата-аналар сұрақтарына аудандық полиция бөлімінің басшысы Нурекин Н.Б. жауап берді.
Кездесуде балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдері мен энергетикалық сусындардың зияны жайлы ақпараттармен аудандық аурухана медбикесі Уалиева Ғ.Д. бөлісті.
Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары жайлы толық мәлімет пен ата-ана сұрақтарына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Жумаканов Қ.С. жауап берді.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы маңызды ақпараттармен мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Кабылдина М.Д. таныстырды.
Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне бейжай қарамай, белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!
#заңжәнетәртіп
#ата-аналаржиналысы
#балақауіпсіздігі






