ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР !
Білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдау, эмоционалдық қауіпсіздігін нығайту және қиын жағдайларда жедел көмек көрсету мақсатында анонимді «Досым» Telegram чат-ботын енгізу бойынша PR-науқан басталғанын хабарлаймыз.
🔹 «Досым» Telegram чат-боты — 1–11 сынып оқушыларына арналған тәулік бойы жұмыс істейтін анонимді психологиялық қолдау платформасы.
Чат-бот арқылы әрбір оқушы:
✔️ өз ойын еркін жеткізе алады;
✔️ мазалаған сұрақтарына жауап ала алады;
✔️ психологиялық көмекке жасырын түрде жүгіне алады;
✔️ қиын сәтте қолдау мен бағыт-бағдар алады.
🔐 Құпиялық толық сақталады.
⏰ Қызмет тәулік бойы қолжетімді.
📱 Telegram арқылы оңай пайдаланылады.
Науқанның басты мақсаты — барлық 1–11 сынып оқушыларының «Досым» чат-боты арқылы қауіпсіз әрі қолжетімді психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы толық хабардар болуын қамтамасыз ету. Педагог-психолог: М.Жортынбаева, ТЖО: М.Қабылдина






