Бүгін мектебімізде 9-11 сынып білім алушылары арасында «Нашақорлық – өмірге қауіп!» тақырыбында бейнефильм ұйымдастырылды.
🎯Мақсаты: Білім алушылар арасында нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
🔹Бейнефильм барысында нашақорлықтың адам ағзасына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен айтылды.
🔸Білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап арқылы ой алмасты. 🔸Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысудың маңыздылығы жөнінде ұсыныстар айтылды.
🔹Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттық материалдар таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік педагог: Абдулахан Э.Т.
Мектеп медбикесі: Уалиева Ғ.Д.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






