⚜️АУДАНДЫҚ АЛПАМЫС ЖЫР БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
🇰🇿2026 жылдың сәуір айының 17 жұлдызында «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жыры бойынша аудандық байқаудың іріктеу кезеңі өтті.
🎯Байқаудың басты мақсаты - білім алушылардың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік сезім қалыптастыру.
📚Байкауға аудан мектептерінің дарынды білім алушылары қатысып, жырды мәнерлеп орындау арқылы өз өнерлерін ортаға салды.
Әр қатысушы ұлттық, мұрамызды дәріптеп, көркем әдебиеттің, көркем үлгісін көрсете білді.
🥇Байкау қорытындысы бойынша мектебіміздің 7-сынып білім алушысы Сәукен Айару 3 орынға ие болса, 5,6-сынып білім алушылары Берік Нұрнияз және Жақсылық Назыгүл сертификатқа ие болды.
🏆Барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
👩🏫👩🏫👨🏫Дайындаған мұғалімдер: Жортынбаева М., Кабылдина М., Шайзада С.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






