⚜️ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ
🔹Сәуір айының 3 жұлдызында мектеп мұражайында 5-7 сынып білім алушыларымен «Қазақтың ұлттық дәстүрлері» тәрбие сағаты өтті.
🎯Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: білім алушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарымен таныстыру, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу және халықтың рухани мұрасына қызығушылықтарын арттыру.
🔸Тәрбие сағаты барысында білім алушылар бесікке салу, тұсау кесу, беташар, шашу және қонақжайлық сияқты қазақ халқының маңызды салт-дәстүрлері туралы мәлімет алды.
🔹Білім алушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, отбасында сақталып келе жаткан дәстүрлер туралы
айтып өтті. Сабақ барысында суреттер көрсетіліп, шағын сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
🔸Сабақ соңында ұлттық дәстүрлер халық,мәдениетінің ажырамас бөлігі екені және оларды сақтау - болашақ ұрпақ үшін маңызды екені атап өтілді.
👨🏫Аға тәлімгер: С.Шайзада
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#СапарЕрғалиеватындағыЖББМ
#Еңбекқорлықпенкәсіпқойлық
#Патриоттықтәрбие
#Өзінөзібасқаруұйымы
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






