«АНА-ӨМІР ШУАҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ! Бүгін мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана-өмір шуаға» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу, оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Концерттік бағдарлама барысында білім алушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, би биленді, жүрекке жылы тілектер айтылды. Білім алушылар өз өнерлері арқылы аналарға деген алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара өте әсерлі өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұстаздар мен аналар білім алушылардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Ұйымдастырушылар: 7-сынып жетекшісі А.С. Сапабекова және аға тәлімгер С. Шайзада. #Адал_азамат #СапарЕрғалиеватындағыЖББМ #8Наурызаналармерекесі #Өзінөзібасқаруұйымы
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






