8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 2-сыныпта “Ана – өмір шуағы” атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік кештің басты қонақтары – аяулы аналарымыз болды. Білім алушылар аналарына деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббаттарын ән арқылы жеткізіп, мың бұрала би билеп, жүрек тебірентерлік өлеңдер оқыды. Ертеңгілік барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Балалардың шынайы күлкісі мен аналардың қуанышты жүздері кештің шырайын аша түсті. Соңында білім алушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын табыстап, аналарға деген алғыстарын білдірді Сынып жетекші: Жумашева. О.О #Адал_азамат #анаға_арнау #8наурыз
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






