МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ! «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ақпан айының 26 жұлдызында мектебімізде 1-4 сынып білім алушылары арасында «Мейірімділік әлемді құтқарады» тақырыбында шығармашылық суреттер байқауы өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың бойында қайырымдылық, жанашырлық пен мейірім сынды адами құндылықтарды қалыптастыру.
Шығармашылықты шыңдайтын байқауға білім ордамыздан 25 білім алушының жұмыстары келіп түсті.
Әділқазы алқаларының шығармашылық жұмысты тексеру барысында білім алушылар өз қиялдары мен жүрек жылуын сурет арқылы жеткізіп, әлемнің жақсылық пен мейірімге толы екенін көрсете білді.
Байқау нәтижесі бойынша мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Кабылдина Макпал Досымбаевна ізгі тілегін білдіріп, жүлделі І,ІІ,ІІІ орын алған және белсенді қатысқан білім алушыларға мектеп басшысының мадақтау қағазы мен алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, сурет байқауына қатысқан білім алушыларға тәттілер үлестірілді.
«Мейірім - адамзаттың ортақ тілі, ал оны жеткізудің ең әдемі жолы - өнер!
Аға тәлімгер: Шайзада С. #Адал_азамат #Адал_азамат_біртұтас_тәрбие #СапарЕрғалиеватындағыЖББМ #Өзінөзібасқаруұйымы #Мейірімділікәлемдіқұтқарады #Суретбайқауы
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






