Мектебімізде 9–11 сынып білім алушылары арасында Ұлттық лига аясында облыстық Тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. Арқалық, Рудный және Бейімбет Майлин ауданының командалары бақ сынады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрін дәріптеу, білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, тапқырлықтары мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті. Облыстық кезең оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ықпал етті. Жарыс нәтижесі бойынша: Бейімбет Майлин ауданы 1-орын
Рудный қаласы 2-орын
Арқалық қаласы 3-орынға ие болды. Тұралы Орынбайұлы жаттықтыратын Бейімбет Майлин аудан командасы Республикалық Ұлттық лига ойынына қасысады. Білім алушыларымызға сәттілік тілейміз.
Аға тәлімгер: Э. Абдулахан
#Ұлттықойын
# Ұлттықлига
#Адалазамат
#тоғызқұмалақ






