Жанкелді ауданының Торғай ауылында көрнекті ақын, прозашы, аудармашы, ағартушы, қоғам қайраткері Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған "Алаштың рухы – Міржақыптың жыры" атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
"Сапар Ерғалиев" атындағы ЖБББ 6-сынып білім алушысы Берік Айару Мархабатқызы жүлделі 2 орын иеленді.
Ұлы ағартушының рухына тағзым ету, өскелең ұрпаққа оның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл мәдени шара – жас ақындар үшін үлкен шабыт алаңына айналды. Айтысқа Қостанай, Арқалық қалаларынан, сондай-ақ Қостанай, Бейімбет Майлин және Жанкелді аудандарынан іріктеліп келген 10 талапты жас айтыскер қатысты. Олар қазақтың сөз өнері арқылы елдік пен ерлік, тарих пен Тәуелсіздік, Алаш идеясы мен бүгінгі болмыс тақырыптарын қозғап, Міржақып мұрасына терең бойлады.
Сахна төрінде жас ақындардың тапқырлығы мен шешендігі, тақырыпты меңгеруі мен ұлттық рухты жеткізудегі шеберлігі көпшілік көңілінен шықты. Әділқазылар алқасы қатысушыларды өнер деңгейі бойынша бағалап, үздіктерді анықтады.
Айтыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
Бұл шара – ел тарихында елеулі орны бар тұлғаның рухын жаңғыртып, жас ұрпақ бойында ұлттық сана мен өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы маңызды қадам болды.
#Біртұтас_тәрбие
#Міржақып140
#Айтыс2025
#Жангелдіауданы
#Алашмұрасы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|