Бүгін 4 сәуір күні Заречный ауылы, «Современник» мәдениет үйінде «Тобыл-Торғай – тұңғыштардың мекені» атты «Жас тұлпар» облыстық білім алушылар айтысы өтті. Бұл жыр бәйгесінде 12 жас талапкер айтыстың көрігін қыздырып, шабысты сөз сайысына түсуде. Олар Қостанай, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Жангелдин, Алтынсарин, Сарыкөл аудандары мен Арқалық қаласынан келген үміткерлер. Айтыстың алғашқы кезеңінде алты жұп сынға түсіп, өнер жарыстырады. Ал ақтық сында үздік деп танылған үш жұп шешуші бәсекеде бақ сынайды. Бейімбет Майлин ауданынан бір жас ақын сөз сайысына түсті. Республикаға белгілі ақын Ізтілеу Мамай Тұрысбекұлының шәкірті. "Жас тұлпар" айтысының қортындысы бойынша Мектебіміздің 6-сынып білім алушысы Берік Айару 2 орынға ие болды.
Мамай Тұрысбекұлын және жас ақынымызды құттықтаймыз! 💐💐💐
#Бейімбетмайлинауданы
#Елубайөмірзақовмәдениетүйі
#айтыс
@culture_qostanai
@culture_mailin
@ergaliev__mektebi